Репродуктивті денсаулықты сақтау

Емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары №8 мектеп-лицейінде қыз балаларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында орталықтың акушер-гинекологы мен психологы оқушыларға репродуктивті денсаулықты сақтау, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық саулық пен жалпы денсаулықты нығайтудың маңыздылығы туралы дәріс оқыды.
Кездесу барысында жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және эмоционалдық тұрақтылықты сақтау жөнінде пайдалы ақпараттармен танысты.