№34 орта мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерінің қатысуымен оқушыларға арналған «Адам папиллома вирусы. Қызылша вирусы. Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға адам папиллома вирусы мен қызылша вирусының таралу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ олардың адам денсаулығына тигізетін әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, тазалықтың маңызы және аурулардың алдын алудағы оның рөлі кеңінен түсіндірілді.
Мамандар оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтауға шақырды.



