Комплаенс-офицерінің бос лауазымына орналасуға конкурс

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК Бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК комплаенс-офицерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана»МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ә. Сембинов көшесі, № 4/1 Кәсіпорын ғимараты, пошталық мекенжайы: 010000, Кәсіпорынның электрондық пошта мекенжайы: GPpoliklinika@mail.kz

 Комплаенс -офицердің негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:  

Комплаенс-офицер — бұл ұйымдағы заңнаманы, ішкі ережелер мен стандарттарды сақтауға жауапты маман. Комплаенс- офицердің негізгі қызметі келесі басты аспектілерді қамтиды:

  1. Заңнаманы сақтау мониторингі.
  2. Саясатты әзірлеу және енгізу.
  3. Аудит жүргізу.
  4. Басшылыққа кеңес беру.
  5. Реттеушілермен өзара әрекеттесу.

Комплаенс -офицердің негізгі лауазымдық міндеттері:

  1. Емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы Емхананың стандарттары мен саясатын әзірлеу және өзектендіру.
  3. Ақпаратқа жүйелі талдау жүргізу.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
  5. Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау.
  6. Заңға сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын Емхана қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына мониторинг жүргізу.
  7. Емхана қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылау.
  8. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру.
  9. Сыбайлас жемқорлық және/немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу.
  10. Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі жұмысты үйлестіру.
  11. Емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

 Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар:

-жоғары экономикалық немесе құқықтық білім;

-комплаенс саласында сертификаттың болуы.

Бос лауазымға Конкурс ҚР талаптарына сәйкес өткізілетін болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) түйіндеме;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді және / немесе санитарлық кітапша;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің сотталмағаны туралы анықтамасы;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер.

2.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған Кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

  1. Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей мөрленген конвертте ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда сұхбаттасуға жіберілмейді.
  2. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
  3. Бақылау кеңесі ұсынылған құжаттардың комплаенс- офицер лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бір тәулік ішінде қатысушыларды сұхбаттасуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады .
  4. Конкурстан өтпей қалған қатысушыларды хатшы үміткерлерді өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні хабардар етеді.
  5. Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімі бекітілгеннен кейін Бақылау кеңесі үміткерлерді жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұхбаттасу өткізеді. Әрбір үміткермен өткен сұхбат техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі.