Салауатты бастама – сенімді болашақ

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, біздің емхана ұжымы кең ауқымды «Walk the Talk» спорттық шарасына белсене қатысты.

2025 жыл – «Аналар денсаулығы» жылы деп жарияланды. Бұл бастама – болашақ ұрпақтың амандығы мен аналардың саулығына басымдық берудің айқын белгісі.

Ана мен бала денсаулығын қорғау – еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі басты басымдықтардың бірі. Осы бағытта:

  • алғашқы медициналық көмек қызметін жетілдіру;

  • ауруларды ерте кезеңде анықтау;

  • профилактикалық шараларды күшейту – басты назарда.

Әрбір дұрыс таңдау – денсаулыққа жасалған қадам.
Салауатты болашақ – бүгінгі сана мен әрекеттен басталады.