Жыл сайын 24 наурызда Бүкіл әлем туберкулез ауруының апаттық медициналық

Жыл сайын 24 наурызда Бүкіл әлем туберкулез ауруының апаттық медициналық, әлеуметтік және экономикалық салдарларына қоғамның назарын аудару және оның жаһандық індетін жою бойынша күш-жігерді жандандыру үшін туберкулезбен Дүниежүзілік күрес күнін атап өтеді.
1882 жылының бұл күнінде доктор Роберт Кох туберкулезді тудыратын бактерияның ашылғанын жариялап, ауруды диагностикалау мен емдеуге керекті құралдарды одан әрі іздестіруге мүмкіндік берді.
2022 жылы туберкулезбен Дүниежүзілік күрес күні « Туберкулезбен күресу үшін қорларды жұмылдырамыз. Өмірді сақтайық!» деген үран аясында аталып өтеді.
Туберкулез негізінен ересектерге олардың ең өнімді жылдарында әсер етеді. Алайда, барлық жас топтары үшін қатері бар. Ауру мен өлімнің 95% — дан астамы дамушы елдерде кездеседі.
Туберкулездің қоздырғышы – бұл көбінесе өкпеге әсер ететін «Mycobacterium tuberculosis» бактериясы. Туберкулезді емдеуге және алдын алуға болады.
Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы таралады. Жөтелу, түшкіру немесе қақыру кезінде өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын шығарады. Инфекциялану үшін адамға мұндай бактериялардың аз ғана мөлшерін жұту жеткілікті.
Әлем халқының төрттен бір бөлігі індетті жұқтырған болып есептеледі. Бұл дегеніміз, адамдар туберкулез бактерияларын жұқтырған, бірақ әлі де ауырмаған және оны таратпайды деген сөз.
Адамда туберкулездің белсенді түрі пайда болған кезде мына белгілер (жөтел, қызба, түнгі тер немесе салмақ жоғалту) бірнеше ай бойы бірқалыпты болып қалуы мүмкін. Бұл жағдай медициналық көмекке кешігіп жүгінуге және бактериялардың басқа адамдарға таралып кетуіне әкеліп соқтыру мүмкіндігін туындатады. Бір жыл ішінде туберкулездің белсенді түрімен ауырған адам, тығыз байланыста болған, 5-15 адамға жұқтыруы мүмкін.
#InvesttoEndTBSaveLives #ИнвестируйтевБорьбусТуберкулезомСпаситеЖизни #ТуберкулезбенКүрескеИнвестициясалыңызӨміргеАрашаБолыңыз