Еуропалық иммундау апталығы аясында емханамызда медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – вакцинацияның маңыздылығын арттыру, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту және екпе жұмыстары бойынша өзекті ақпараттармен бөлісу болды.
Семинар барысында мамандарға вакцинация жүргізу тәртібі, екпеден кейінгі бақылау, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, вакцинацияның қоғамдық денсаулықты сақтаудағы рөлі, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы және инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мәселелері талқыланды.



