Еуропалық иммундау апталығы аясында емханамызда Ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында вакцинацияның маңыздылығын арттыру, жұқпалы аурулардың алдын алу және иммундау туралы дұрыс ақпарат беру болды.
Ашық есік күні барысында емхана мамандары тұрғындарға профилактикалық екпелердің маңыздылығы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан толық жауап алды.




