Еуропалық иммундау апталығы–2026

Еуропалық иммундау апталығы–2026 аясында біздің емхана ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында вакцинацияның маңыздылығын арттыру, жұқпалы аурулардың алдын алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру туралы кеңінен ақпарат беру болды.

Акция Европалық иммундау апталығы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қолдауымен өткізілді. Емхана мамандары тұрғындарға вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі бойынша ақпарат берді.

Шара барысында халықтың сұрақтарына жауап беріліп, иммундаудың инфекциялық аурулардың алдын алудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.