Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ашық есік күні өткізілді

Емханамызда 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, халықтың хабардарлығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Ашық есік күні аясында келушілерге АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен қатар мамандар инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, АИТВ инфекциясының алдын алуға және денсаулықты сақтауға бағытталған.

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз! Уақтылы тестілеуден өту – денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы.