Ата-аналарға жұқпалы аурулардың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары

№55 орта мектепте өткен ата-аналар жиналысы аясында ЖРВИ, тұмау және туберкулез ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ата-аналарға аталған аурулардың таралу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы түсінік берілді. Сонымен қатар жеке гигиена ережелерін сақтау, бөлмелерді үнемі желдету, ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

Сондай-ақ балалардың денсаулығын қорғауда вакцинацияның және профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.