Фильтр кабинеті – жедел респираторлық вирустық инфекциялар және басқа да инфекциялық аурулардың белгілері бар пациенттерді алғашқы қабылдау және сұрыптау жүргізуге арналған кабинет.
Төмендегі белгілер байқалған жағдайда фильтр кабинетіне жүгіну қажет:
— Дене қызуының көтерілуі;
— Жөтел, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы;
— Мұрынның бітелуі немесе су ағуы;
— Түшкіру, жалпы әлсіздік, дененің сырқырауы;
— Бас ауруы;
— Теріде бөртпенің пайда болуы;
— Жүрек айну, құсу немесе іш өту;
— Жедел инфекциялық ауруға күдік туғызатын басқа да белгілер.
Фильтр кабинеттерінің жұмыс кестесі
Дүйсенбі – жұма: 08:00–20:00
Демалыс және мереке күндері: 08:00–18:00
Орналасқан мекенжайлары:
- А. Сембинова көшесі, 4 – жеке кіреберіс;
- Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24 – жеке кіреберіс (жексенбі – демалыс күні).
Құрметті пациенттер!
Емханаға келген кезде төмендегі талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз:
- Тыныс алу жолдарының инфекциясына тән белгілер болған жағдайда медициналық маска тағыңыз;
- Медициналық персоналдың ұсынымдарын орындаңыз;
- Жеке гигиена және жөтелу әдебі ережелерін сақтаңыз.
Маңызды! Тыныс алудың айқын қиындауы, кеуде тұсының қатты ауыруы, есінен тану немесе денсаулық жағдайының күрт нашарлауы кезінде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру қажет.



