№119 мектепте «АИТВ/ЖИТС: білу – өмірді сақтау» тақырыбында оқушыларға арналған ақпараттық дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы негізгі ақпарат беріліп, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және инфекцияның таралуына қатысты кең таралған қате түсініктер түсіндірілді.
Сонымен қатар жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, жауапты мінез-құлық және өз денсаулығына саналы түрде қараудың маңыздылығы атап өтілді.
Дәрістің мақсаты – жасөспірімдердің АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру, алдын алу шаралары жөніндегі білімдерін кеңейту және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.



