АИТВ инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шаралар

АИТВ-инфекциясы бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының» дәрігер-эпидемиологы Рахимбаева З.Б. емханамызда оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында АИТВ инфекциясының диагностика әдістері, алдын алу шаралары және бұл ауруға қатысты қоғамда қалыптасқан стигма мен дискриминация мәселелері талқыланды.