Жыл сайын 16 қазанда Дүниежүзілік азық-түлік күні атап өтіледі. Бұл күн халықтың назарын дұрыс тамақтану, азық-түлік қауіпсіздігі және әрбір адамның сапалы әрі құнарлы тағамға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударуға бағытталған.
Дұрыс тамақтану – мықты денсаулық пен жақсы көңіл күйдің негізі!
✅ Теңгерімді әрі әртүрлі тамақтану қағидаларын ұстаныңыз.
✅ Күнделікті ас мәзіріңізге жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қосыңыз.
✅ Тұзды, қантты және қаныққан майларға бай тағамдарды тұтынуды шектеңіз.
✅ Күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.
✅ Балғын әрі сапалы азық-түлік өнімдерін таңдаңыз.
✅ Шамадан тыс тамақтанудан аулақ болып, тұрақты тамақтану тәртібін сақтаңыз.
Есіңізде болсын: дұрыс тамақтану әдеттері иммундық жүйені нығайтуға, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға және көптеген созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
Денсаулыққа қамқорлық күнделікті дұрыс таңдаудан басталады!
Дұрыс тамақтаныңыз, өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың амандығына көңіл бөліңіз!



