Көптеген адамдар әсіресе, жас шағында сәттілікке сеніп, ешқандай контрацептік құралдарды қолданбайды.
Қазіргі заман медицинасы контрацептік құралдар мен әдістердің түр-түрін ұсынады. Бұл кез-келген жұптың талаптарына сай жүктілікті болдырмау құралын таңдауға мүмкіндік береді.
Ең дұрысы, контрацепция әдісі мен құралын дәрігер-гинеколог таңдауы қажет. Алайда жыныстық қатынасқа түсетін немесе сондай өмірді бастауға бел буған әрбір әйел контрацепция түрлерінің артықшылығы мен кемшін тұстарынбіліп жүргені абзал.
Контрацепция туралы не білу қажет?
Қазіргі таңдакүтпеген жүктіліктен сақтанудың анағұрлым тиімді әдісі-гормоналдық контрацепция. Эстроген және гестогенді компоненттері төмен кешенді оралды контрацептивтер кеңінен қолданылады. Олар босанбаған жас әйелдерге, бала емізбейтін әйелдерге, әрі сақтану, әрі емдеу(анабез дисфункциясы, патологиялық етеккір алды кезеңі кезінде) мақсатында көрсетіледі. Егер Сіз нақты нұсқаулықтағы ережені ұстанатын болсаңыз, онда сіздің жүкті болу мүмкіндігіңіз өте төмен болады.Сонымен қатар дәрі қабылдауды тоқтата салысымен, Сіз жүкті бола аласыз.
Кеңінен қолданылатын тағы бір әдіс-жатыр ішілік құрал(ЖІҚ). Ол халық арасында «спираль» деп аталады.Спираль-контрацепцияның тиімді және ыңғайлы әдісі. Бірақ, мүмкін болатын асқынулар ретінде жамбастың ауруы, қан кету, созылмалы қабыну ауруларының күшеюін атап өткен жөн.
Сондай-ақ құрамында Мирена гормоны бар спираль ерекшеленеді. Бұл-жатыр қуысына енгізілетін жатыр ішілік құрал. Құрамында гормондар бар спиралдардың артықшылығы сол, оларды қолданғанда қан кету, жамбастың ауруы болмайды, миома, эндометрий полиптері кезінде қарсы көрсетілімі жоқ, яғни оның емдік әсері жоғары.
Жасөспірімдер үшін контрацепцияның анағұрлым қауіпсіз әдісі:мүшеқап болып табылады, өйткені күтпеген жүктіліктен сақтанудан басқа, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырып алу қаупі төмендейді.
Кез-келген құралды қолдануды ұсынар кезде, көптеген жайттар ескерілуі тиіс, сондықтан отбасын жоспарлау мәселелері бойынша дәрігерден кеңес алу қажет.