Туберкулез және жүктілік

Туберкулез-әлемде ең кең таралған індет. Туберкулез қоздырғышын жылына шамамаен 1 милиардқа жуық адам жұқтырады, оның 8-10 милионы туберкулезбен сырқаттанса, соның 1 миллионға жуығы осы індеттің салдарынан өледі. Статистикалық мәліметтер бойынша әйелдердің жүктілік және босанғанннан кейінгі кезінде туберкулезбен ауырғаны туралы оқиғалар тіркелген.

  • Бақытты жанұя және баланың дені сау болуы үшін барлық әйелдер, жыл сайын өкпе флюорографиясынан өту керек.
  • Босанғаннан кейін нәрестенің қауіпсіздігі үшін жергілікті емханада флюорографиядан өту керек.
  • Егер жүкті әйел жөтелсе(құрғақ және ылғалды), алқынса, кешке қарай дене қызуы көтерілсе, түнде терлесе, салмағы қосылмаса, онда ол әйелдер кеңесіне жүгіну керек.
  • Дәрігер болашақ нәрестенің денсаулығына қауіпті емес кезеңде жүкті әйелге флюорографиядан өтуге жолдама береді.

Өкпе флюорографиясынан өтіңіз.

Дені сау ана-дені сау бала мен жанұяның кепілі!

Жүкті әйел туберкулез ауруынан сақтануына болады, егер:

  • Жыл сайын жергілікті емханада уақыттылы флюрографиядан өтсе.
  • Белсенді өмір сүрсе, жүкті әйелдерге арналған дене шынықтырумен шұғылданса, таза ауада серуендесе.
  • Темекі шегуден, алкоголдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан, есірткіден аулақ болса.
  • Тиімді тамақтансаңыз, күніне 5 рет ет, сүт тағамдарын, балықты пайдаланса, 400 граммнан төмен емес көкөніс пен жеміс-жидек және 5-6 граммнан артық емес тұз қолданса.
  • Күн тәртібі мен демалыс үйлесімін сақтаса. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтаса.
  • Жеке және қоғамдық тазалық ережелерін сақтаса.