Құрметті емделушілер, назар аударыңыздар!

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ аясындағы МКК «№8 қалалық емхана» 2022 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Сембинов көшесі, 4/1 мекен-жайында орналасқан емхананың бас ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлайды. Емхана ғимараты 2007 жылы пайдалануға берілген.

Күрделі жөндеу кезеңінде медициналық қызметкерлермен бірге кейбір дәрігерлік бөлімшелер Сембинов көшесі, 4, балалар ғимаратына, ал басқа бөлімшелер Манас көшесі, 22/3 бойынша көшіріледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Манас 22/3 ғимаратына келесі автобустар барады: қала ішінен 51, 23, 80 және қала маңынан: 304, 313, 315, 321.

Соңғы аялдама (№2 Ақмола облыстық ауруханасы).

Call-центр 39 99 99