Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК — қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған медициналық көмектің кең спектрін көрсететін заманауи көпбейінді емдеу-профилактикалық ұйым.
Емхана құрылымына ересектерге, балаларға және оңалту көмегін көрсететін бөлімшелерді қамтитын 8 корпус кіреді. Негізгі бөлімшелер мына мекенжайларда орналасқан: Сембинов көшесі, 4/1; Иманов көшесі, 44; Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24; Чехоев көшесі, 14; Т. Шонанұлы көшесі, 41; Алаш тасжолы, 30А; Өндірістік аймақ, 6/2.
Медициналық ұйым құрамында 5 отбасылық денсаулық орталығы жұмыс істейді, олардың базасында жалпы практика дәрігерлерінің 45 учаскесі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар емханада әйелдер консультациясы, соматикалық және хирургиялық бейіндегі мамандандырылған бөлімшелер, күндізгі стационар, клиникалық-диагностикалық бөлімше, зертхана, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, сондай-ақ оңалту бөлімшесі жұмыс істейді.
Емхана құрылымында заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақтандырылған қалалық офтальмологиялық орталық ерекше орын алады. 30-дан астам бейінді маман пациенттерге 200-ден астам медициналық қызмет түрін көрсетіп, көру ағзасы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша кешенді медициналық көмекті қамтамасыз етеді.
Медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігі, заманауи материалдық-техникалық база және дамыған инфрақұрылым емханаға тіркелген тұрғындарға қолжетімді, сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ қажетті әлеуметтік-психологиялық қолдау ұсынуға мүмкіндік береді.
№8 қалалық емхана — кәсіби мамандар командасы, медицинадағы заманауи тәсіл және әрбір пациенттің денсаулығына деген қамқорлық.
Біздің құндылықтар
Жоғары мәнділік-біздің емделушілердің денсаулық деңгейін жақсарту және сақтауда жеке әдістемелерді қалыптастырумен медициналық көмек көрсетудің сенімділік үрдістерін енгізу, талап-тілектерін қанағаттандыру.
Әлемдік және өзіндік соңғы ғылыми жетістіктерге бағытталған емделушілердің денсаулығын ұзақ бақылаудың кешенді бағдарламасын құрастыру және жүзеге асыруда көшбасшылыққа талпыну.
Емхананың менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған жетекшінің көшбасшылығы мен жауапкершілігі.
Емхана қызметінің жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу.
Әр қызметкердің кәсіби өсуі мен жеке тұлғалық потенциалдық ашылуына мүмкіндік тудыруға себепші пікірлес команданы қалыптастыру.
Міндеттер
Халыққа медициналық алғашқы көмек көрсету, мекеменің метариалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Медициналық көмек сапасын арттыру, дәрігерлер мен медбикелердің біліктілік дәрежесін көтеру.
Баллардың, бала көтеретін жастағы әйелдердің денсаулық индексін көтеру, профилактикалық медициналық тексерулерді сапалы жүргізу.
Әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендету және тұрақтандыру жұмыстарын жүргізу.
Ересек тұрғындардың ерте мерзімде қайтыс болу жағдайларын азайту және ана мен бала өліміне жол бермеу.
Мүгедектікке алғаш шығу деңгейін төмендету.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру ретінде салауатты өмір салтын насихаттау.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін Емхананың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрғылықты және бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылған.
Қызмет түрлері
1.Қызмет көрсету аумағы бойынша бекітілген халыққа емханада және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету.
2.Жүрек- қантамырлары аурулары , онкологиялық және т.б аурулардың қауіпі жоғары науқастарды, сонымен қатар жыныстан тыс дерті бар бала көтеретін жастағы әйелдерді диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.
3.Жедел және жазатайым оқиғалар кезінде науқастарға медициналық алғашқы көмек көрсету.
4.Мамандандырылған және арнаулы медициналық көмек, ауру бейініне байланысты зертханалық-диагностикалық қызмет, шипажайларға жолдама алуы үшін МСАК мамандарының пациенттерді дер кезінде ауруханаға жатқызуы.
5.Профилактикалық медициналық тексерулерлдің барлық түрі.
6.Санитарлиялық-эпипдемиологиялық іс-шаралар: жұқпалы ауруға шалдыққан науқасты анықтау, індет ошақтарына бақылау жасау, иммунопрофилактика, санитарлық-ағарту жұмыстары.
7.Еңбекке уақытша және тұрақты жарамсыздыққа сараптама, еңбек жағдайын өзгертуге мұқтаж адамдарды тиімді жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар.
Мақсаты
Профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қоса алғанда, халыққа қолжетімді , сапалы және қауіпсіз қызмет көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде арналуы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету.
Миссия
Миссия – Бүгінгі денсаулыққа қамқорлық — болашаққа деген сенімділік.