Архив за месяц: April 2021

Коронавирустық инфекцияға қарсы егу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты АМСК ұйымдарының жұмыс уақыты 8: 00-ден 22: 00-ге дейін қысқарды, сауда және ойын-сауық орталығы үшін жұмыс режимі өзгеріссіз – 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Бүгінгі таңда елордадағы вакцинация пункттері «Mega Silk Way», «Керуен», «Хан Шатыр» және «Абу-Даби Плаза» ойын-сауық орталықтарында ашылды. Жақын арада «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығында вакцинация пунктерін ашу жоспарда.

2021 жылдың 24 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының ШЖҚ «№ 8 қалалық емхана» МКК-де жалпықалалық сенбілік өтті.

Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыруға арналған «Бірге таза Қазақстан» атты жалпы қалалық экологиялық айлыққа қосылғанымыз жайында жұмыс орындау мақсатында және емхана а умағында сенбілік өткізу туралы дайындалған іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Сенбілік барысында емханаға тиесілі аумаққа санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды.

Емхана жұмысшылары ғимараттың жан-жағын тазартып, ретттестіріп, бұрыңғы егілген талдарды суғарды.

Вакцинация

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «8 қалалық емхана» МКК , Сембинов көшесі, 4/1,  

Тел : 39-99-99

кабинет    вакцинацилау :    № 123, 124а, 

вакцинациялауға рұқсат беру кабинеті №124

Жауапты тұлға : Аграв   Кагва ,тел: 87028270145

Стенькина И. В тел 8701269295

Құрметті тұрғындар!!!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8қалалық емхана» МКК әкімшілігі, Сіздерден ЖРВИ (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалтырау, бұлшықеттердің сырқырауы, иіс пен дәмнің жоғалуы, ентігу) белгілері пайда болған жағдайда үй жағдайында өзін-өзі емдемеуді сұрайды.

Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде:

1) фильтр кабинетіне- ересектер ғимаратының № 144 кабинетіне жүгіну (артқы жағынан кіресіз): (08:00-нен 18:00-ге дейін)

2) учаскелік дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлау қажет; (участок дәрігері мен мейірбике байланыс номерлерін көрсету) (08:00 нен 18:00ге дейін)

3) Егер Сіз емханаға жете алмаған жағдайда және учаскелік дәрігерге хабарласа алмаған жағдайда, 39-99-99 нөмірі бойынша (сағат 08:00 мен 18:00 аралығы) тіркеу бөлімі арқылы қоңырау шалып, мобильді бригаданы үйге шақыруды рәсімдей аласыз;

4) жағдайыныңыз күрт нашарлаған кезде (сағат 18:00 мен 08:00 аралығы) 103-ке қоңырау шалыңыз.