Архив за месяц: March 2021

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

Көшеде  біреу шабуыл жасаса, әйел қалай әрекет етеді? Инстинктивті түрде ол үйден көмек іздейді. Ал егер әйел өз үйінде күйеуінің немесе серіктесінің қорлауына тап болса ше?  Бүгінгі таңда көмекке жүгінетін әйелдердің басым көпшілігі — тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Дегенмен тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің елімізде қылмыстық құқық бұзушылық болып саналмайды. БҰҰ сарапшыларының пікірінше, құрбандар мен агрессорлардың көптеген ортақ белгілері бар, зерттеулер көрсеткендей, балалық шағында зорлық-зомбылыққа ұшыраған ер адамдар көбінесе аналарына қатысты зорлық-зомбылықтың куәсі болған.  Әрине, олар белгілі бір психикалық ауытқулары бар адамдар болуы мүмкін. Өз кезегінде, бала кезінен қорлық көрсету, оның отбасында норма болған, содан әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Сонымен қатар, олардың көпшілігі ерлердің міндетті үстемдігі туралы көзқарастарымен бөліседі, зорлық-зомбылыққа төзеді. Олардың кейбіреулері өз балаларын ұрып-соғады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемдегі әрбір үшінші әйел өмір бойы күйеуі немесе серіктесі тарапынан физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жыл сайын планетада тұрмыстық қылмыстардан ондаған мың әйел қайтыс болады, олардың 400-і Қазақстанда.

#немолчи#мывместе#горполиклиника8городнурсұлтан

Бейнероликті Астана медицина университетінің АМУ клиникалық психология кафедрасының резиденттері дайындады. «Сенім» ЖДО психологы   Алматова Айнұр   Байзаққызы Нұр-Сұлтан қаласы ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК

Уақыт өтіп жатыр. Туберкулездің ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз

2021 жылғы 23 ақпан мен 23 наурыз аралығында өтетін туберкулездің алдын алу айлығы аясында: «Уақыт өтіп жатыр. Туберкулездің ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз». 2021 жылдың 10 наурызында №8 қалалық емхананың «Сенім» ЖДО № 5 мектеп — гимназиясында дәрігер А.С. Асубекова 9-11 сынып оқушылары арасында туберкулездің алдын алу бойынша дәріс өткізді, сондай-ақ оқушыларды туберкулез туралы ақпараттандыруға сауалнама жүргізді. Психолог А. Алматова оқушылармен «іскерлік қасиеттер» тақырыбында тренингтік жаттығуын өткізді.,

2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында  туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі

Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орайластырылған, «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен 2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында  туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда — 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Бұл күн 1982 жылы ДДҰ және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың (International Union Against Tuberculosis and Lung Disease — IUATLD) шешімі бойынша құрылды.

Біз «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен туберкулезбен күреске арналған айлықтың басталғаны туралы жариялаймыз.

Мақсаты мен міндеті

«Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу,өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

8 қалалық емхана «Мен Қазақстандағы туберкулезді жоюға қатысамын» флешмобына қатысады

#МенТуберкулездіЖоюғаҚатысамын