Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні жыл сайын өткізіледі, яғни 2020жылдың (3 қазан сейсенбі) — 20 қазан күні. Осы күнге арналған іс-шаралар әлемнің 44-тен астам елінде өткізіледі. № 8 Қалалық емханада 12-31 қазан аралығында онкүндік аясында халықтың сүт безі қатерлі ісігі, қауіп факторлары, ерте диагноз қою және маммографиялық скрининг мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру бойынша шаралар жүргізілуде. Тұрғындар арасында учаскелер бойынша дәрістер, әңгімелесулер, сондай-ақ қызметкерлер үшін семинарлар өткізіледі, Ашық есік күні 2020ж. 24 қазанда өтеді. Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты-қоғамның назарын кеуде обырының проблематикасына аудару, аурудың бастапқы сатысында диагностикасы мүмкін болу үшін осы мәселе бойынша білімді жақсарту және тиісті ем жүргізу. Сүт безі обыры-әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жасы қырыққа таяған «әлсіз жыныстың» өкілдері әсіресе осы аурудың құрбанына айналу қаупі бар. Соңғы онжылдықтарда бүкіл әлемде сүт безі обырымен күресу науқаны қолға алынған.
Архив за месяц: October 2020
COVID-19: өзіңді және басқаларды індеттен қорға!
(Русский) За строкой Послания
Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігінің күні
(Русский) В Нур-Султане растет количество зараженных коронавирусом В Нур-Султане растет количество зараженных коронавирусом
(Русский) В Нур-Султане растет число зараженных коронавирусом
(Русский) Мы можем развернуть свыше 5 000 коек в стационарах — глава горздрава Нур-Султана
ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті
Бүгін 2020 жылғы 5 қазанда ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК-да Қазақстандағы коронавирустық инфекция пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен медицина қызметкерлерін «Халық Алғысы» медалімен ресми марапаттау рәсімі өтті. Төсбелгілерді емхана директоры Айгүл Қасымова салтанатты түрде 14 медицина қызметкеріне табыс етті, олардың адалдығы, кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін үлкен алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы Мемлекет басшысының Жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында арнайы тағайындалған болатын.
Бетперде инфекциядан сақтайды
Бетперде ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.