Жасөспірім қыздардың денсаулығы

Жасөспірім қыздардың денсаулығы

Жатыр мойнының обыры дегеніміз не?

Жатыр мойнының обыры-бұл жатыр мойнындағы қатерлі ісік. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының шамамен 1500 жағдайы тіркеледі. Жыл сайын жатыр мойнының обырынан шамамен 650 әйел қаза болады. Жатыр мойнының обыры жыныс жолдары арқылы(тек жыныстық қатынастар ғана емес) берілетін «адам папилломасының вирусы» немесе АПВ деп аталатын вирустан туындайды. Бұл вирусты әйелдермен қатар еркектер де жұқтырып алуы мүмкін. Қазіргі кезде адам папилломасы вирусының 100-ден аса түрі белгілі, оның екі-16 және 18 түрі –обырмен аурудың 70% себепкер болады.Сіздің қызыңызға ұсынылған адам папилломасы вирусына қарсы вакцина вирустың жатыр мойны обырының туындау қаупін тудыратын 16 және 18 түрінен қорғайды. Мүмкін болашақта жатыр мойнының обырына әкелетін вирустың басқа түрлерінен қорғауға қабілетті вакцина да дайындалатын шығар.

АПВ вирусы қандай жолмен обырға әкеліп соғады?

Жатыр мойнының сыртқы жасушаларына енеді, ол сол жерде ешқандай зиян келтірместен бірнеше жыл бойы тұра береді. Осыдан кейін, қандай да бір себептерсіз вирус жасушаларды бұза бастайды. Жатыр мойны обырын тексерудің мақсаты осы тектес өзгерістерді анықтау болып табылады. Егер олар айтарлықтай ерте кезеңінде байқалса-онда обырдың алдын алуға болады. Егер анықталған патологияны емдеу мүмкін болмаса-онда ол обырға әкеліп соғуы мүмкін, оның барысы ауыр өтеді және өлімге себепші болады.Көптеген жағдайларда вирус обырғаәкеліп соқпайды, бірақ кейбір жағдайларда осылай болады. Әдетте, әйелдер өздеріне вирусжұқтырып алғандығын білмейді, себебі мұндай жағдайда ешқандай белгілері байқалмайды.

Бұл вакцина жатыр мойны обырының барлық түрінен қорғайды ма?

Бұл вакцина жатыр мойны обырының 70% аса жағдайына әкелетін вирустың екі түрінен қорғауды қамтамасыз етеді. Вакцина обыр тудыратын вирустың басқа түрлерінен қорғай алмайды, сондықтан әйелдер үнемі жатыр мойнының обырына тексеріліп тұрғандары дұрыс(сүртіндіні тапсыруы керек). Сіздің қызыңыз есейген кезде осындай тексерулерден өту керек.

Бұл вакцина жыныс жолдарымен берілетін басқа ауру түрлерінен қорғайды ма?

Жоқ, АПВ-ғақарсы вакцина жыныс жолдарымен берілетін(хламидиоз) инфекциялардан қорғай алайды;сонымен қатар бұл вакцина сіздің қызыңыздың жыныстық өмірдің қауіпсіз әдістері туралы ақпаратты дер кезінде білгендігі өте маңызды.

Бұл вакцина қаншалықты ұзақ мерзімге қорғай алады?

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес егілген әйелдердің иммунитеті кем дегенде тоғыз жылға дейін қорғаныстың жоғары дәрежесін сақтайтындығын көрсетті, мүмкін, қорғаныс бұдан ұзақ жылға қамтамасыз етілуі мүмкін. Осы қорғаныстың ұзақтығын анықтау үшін жүргізілген зерттеулер әлі жүргізілуде. Егер болашақта сіздің қызыңызға вакцинаның қосымша мөлшері қажет болса, оған оны хабарлайды.

Вакциналау қанша жаста жүргізіледі?

Қыздарға АПВ қарсы егу 9-13 жасында ұсынылады. Алайда бұл жаста АПВ-ны жұқтыру қаупі болмаса да, бұл вирустың кеінен таралғандығын және жыныстық жолмен жеңіл берілетіндігін ескеру керек. Солай немесе басқа жолмен, өмірдің қандай да бір кезеңінде халықтың   жартысына жұғуы мүмкін.Әрине, қыздардың көбісі жыныстық өмірді кеш бастайды, соған қарамастан АПВ-ға қарсы егуді 9-13 жаста жүзеге асыру ұсынылады. Бұл олардың жыныстық өмірді бастағандаАПВ-дан барынша қорғалатындығын білдіреді.

Вакциналау қалай жүзеге асырылады?

Егуді учаскелік дәрігерлер(педиатрлар жалпы практика дәрігерлері, учаскелік медбикелер) мен мектептің медицина мамандары ұйымдастырады. Ине шаншатын медбикенің қажетті біліктілігі болуы керек және туындауы мүмкінпроблемаларды қалай реттеу керектігін білетін болады. Вакцина әдетте жіңішке иық бұлшықетіне салынады. Вакцина толық нәтижелі болуы үшін 6-8 ай бойы үш ине шаншу керек. Сіздің қызыңыздың организмін барынша жақсы қорғау үшін оған барлық үш уколдың салынуы өте маңызды.

Менің қызыма қашан вакцина егіледі?

Сіз келісім беру сауалнамасынақол қойып, және уақытында мектепке қайтаруыңыз өте маңызды. Сіздің қызыңызға күнтізбелік жыл бойы вакцинаның үш мөлшері(курсы) ұсынылады.

Егер қызым вакцина ектіргісі келсе, бірақ біз оған қарсы болсақ ше?

Сіздің бұл сұрақты өз қызыңызбен талқылауыңыз керек, сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін медициналық қызметкерлерімен, учаскелік дәрігерлермен талқылауыңыз керек. Осыған қарамастан, заңды шешімді қызыңыз қабылдайды, ол келісім берген жағдайда барлық мәселені толыққанды түсінген жағдайда. Бұл вакцина сіздің қызыңызды жатыр мойны обырының кеңінен таралған себебінен көпжылдық қорғанысты қамтамасыз ететіндігін түсіну өте маңызды.

Неліктен ұлдарға вакцина егілмейді?

Бұл кампанияның мақсаты жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырынан қорғау болып табылады. Әрине, ұлдар жатыр мойнының обырымен ауырмайды.