Босануға психологиялық дайындық

Әйел үшін бала туу — өмірінің ең маңызды, негізгі, сонымен қатар қиын кезеңі. Нәрестенің жайлы күйі, ана мен бала қосылуынан қуаныш пайда болуы әйелдің босануға жақсы дайындығына, көңіл күйіне, эмоциялық толқуына байланысты. Босану барысында қауіп-қатер болмаған жағдайда деңі сау әйелдің табиғи мінезіне тән физиологиялық босануға жағдай жасалынады.

Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Бұндайда әйелдер «жеңіл босану» деп айтылатын сезім бастан кешіреді, және бұл өмір кезеңі ауырсыну, қорланушылық, қорғанысыздық естеліктерімен күнгірттенбейді. Сондықтан босануға дайындалған уақыт текке кетпейді. Босануға дайындау курстары барлық отбасыларына қажет. Тұңғыш бала күтіп жүргендерге ғана қатысты емес. Екінші және келесі бала туу алдында да ата-аналар аз уайымдамайды. Кейбір туысқандар әйелдің хал-жайын әдеттегідей, көп назар аударуды қажетсіз деп қабылдайды, кейде жүктілікке, әсіресе үшінші, төртінші бала болса қарсы болады. Әдетте, үлкен балалары анасының өздеріне назар аударуын қажет етеді, сондықтан көпжағдайда оның өзінің күйін қарауға, болашақ нәрестені ойлауға уақыты қалмайды.

Барлық айтылған жайттарға қарамай, жүкті әйел өзін рухани және тәні жағынан өмірінің маңызды оқиғасына дайындау қажеттілігін түсіну керек. Ол үшін дәрігерлер босану процесіне қатысты бұлшық еттерінің икемділігін дамыту мен жаттықтыруға бағытталған арнайы гимнастикалық жаттығулар кешенін орындауды ұсынады. Бұл жағдайда бассейндегі жаттығулар маңызды, олар әйелге дұрыс тыныс алуды үйренуге, босануға қатысатын бұлшық еттерінің созылуына және босаңсынуына арналған жаттығуларды орындауға көмектеседі.

Жүкті әйелге дұрыс тамақтану, сусын ішу, көп серуендеу, салауатты өмір салтын ұстау өте пайдалы. Бақытты ана болу үшін әйелге тәнінің дайындығынан басқа, психологиялық көңіл керек. Бұл кезде жүкті әйелге үй ішінің қарым-қатынасы өте маңызды, бәрінен бұрын жұбайы мен үлкен балаларының дұрыс көңілі. Қаншалықты адамдардың қатынасы сыпайы және жылы болса, соншалықты жүкті әйел өзін қолайлы сезінеді, жатыр да босансып, қанмен жақсы қамсызданады, сондықтан іштегі нәресте жақсы дамиды. Жүкті әйелдермен сабақ өткізу алдында тұлғаның психоэмоционалдық қалпын анықтау үшін тестілеу өткізіледі. Дайындықтан өтпеген әйелдердің мазасыздығы жоғары деңгейде болады, кейде олардың арасында депрессивтік жағдайлар да кездеседі. Тестілеу нәтижелері сабақ кездерінде жеке психологиялық коррекциялау үшін пайдаланады. Босануға психологиялық жағынан дұрыс дайындалған әйелге медикаментоздық басу қажеттілігі туындамайды, өйткені ауырсынуы бақытты сезімге ауысады. Физиологиялық босану барысында туған нәрестелер жыламай дем алады және кейде 5-10 минуттан кейін жымия да алады Бұл «өмірдің қиын тұсынын» өткендігінің белгісі, және бұндай сәтті жағдайлар тағы да қайта бала көтеруге ықылас туғызады және босану бағдарламасына әлуметтік маңыз береді.