Жасөспірімдер арасында қант диабетінің алдын алу

2026 жылғы 6 қарашада №34 орта мектепте жасөспірімдер арасында қант диабетінің алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға қант диабетінің пайда болу себептері, негізгі қауіп факторлары, аурудың алдын алу жолдары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігін арттырудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Дәрістің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және қант диабетінің алдын алу жөніндегі білімдерін кеңейту.