САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ГИГИЕНА – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

2026 жылғы 28 қазанда №94 «Сұңқар» балабақшасында Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай және туберкулездің алдын алу мақсатында «Салауатты тамақтану принциптері және жеке гигиена» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға салауатты тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың, соның ішінде туберкулездің алдын алу туралы ақпарат беру.

Іс-шара барысында дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың, қолды жүйелі түрде жуудың, тазалықты сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Балалардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтына баулу – жарқын болашақтың негізі!