ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР!
Астана қаласының № 8 қалалық емханасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін заманауи виртуалды көмекшінің қызметі туралы хабарлайды!
Пациенттерге қоңырау шалуға арналған ресми нөмір:
☎️ +7 700 798 00 92
Енді денсаулық пен медициналық қызметтерге қатысты маңызды ақпаратты уақтылы алу бұрынғыдан да ыңғайлы!
ВИРТУАЛДЫ КӨМЕКШІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТЕДІ?
✅ Скринингтік тексерулер — профилактикалық тексерулерден өтуге шақырады.
Вакцинация — екпелерді уақтылы алу қажеттілігін еске салады.
Флюорография — профилактикалық тексеруден өтуге шақырады.
МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат береді.
Дәрігер қабылдауы — жоспарланған қабылдаудың күні мен уақытын еске салады.
СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢІЗ — БІЗ ҮШІН БАСТЫ БАСЫМДЫҚ!
⚠️ Алаяқтардан сақ болыңыздар!
Біздің виртуалды көмекшіміз ЕШҚАШАН:
❌ SMS арқылы келген растау кодтарын;
❌ Жеке кабинеттердің құпиясөздерін;
❌ Банк карталарының деректерін сұрамайды;
❌ Ақша аударуды талап етпейді.
МАҢЫЗДЫ! +7 700 798 00 92 нөмірінен келетін қоңырауларды емханамыздың ресми виртуалды көмекшісі жүзеге асырады.
Біз маңызды ақпаратты уақтылы алуыңызға, профилактикалық тексерулерді өткізіп алмауыңызға және денсаулығыңызды күтуіңізге көмектесу үшін заманауи технологияларды енгізудеміз!



