«Жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың алдын алу»

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Денсаулық мектебі аясында «Жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-танымдық сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға жіті ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың негізгі себептері, жұғу жолдары, алғашқы белгілері және олардың алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау, тағам өнімдерін дұрыс сақтау және дайындау, қауіпсіз ауыз суды пайдалану, аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Осындай іс-шаралар халықтың санитариялық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.

Аурудың алдын алу – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы!