Біз зиянды әдеттерсіз өмірді таңдаймыз!

«Салауатты жаз» акциясы аясында Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы жазғы лагерінде демалып жатқан оқушыларға «Біз зиянды әдеттерсіз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында ақпараттық-танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері және дұрыс өмірлік таңдау жасаудың маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Дәріс жасөспірімдер арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және пайдалы әдеттерді насихаттауға бағытталды.