Емханамызда медицина қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру, пациенттермен және әріптестермен тиімді байланыс орнату дағдыларын дамыту мақсатында «Медицина қызметкерінің коммуникативтік қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту дәрісі өткізілді.
Аталған дәрісті Медициналық университет Астана (МУА) жанындағы Академик Е. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты мамандары емхана қызметкерлеріне арнап жүргізді.
Дәріс барысында медицина саласындағы тиімді коммуникацияның маңыздылығы, пациенттермен дұрыс әрі сенімді қарым-қатынас орнату, кәсіби этика қағидаларын сақтау, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын түрлі жағдайларда коммуникативтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.



