Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді

Емханамызда Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» КМК мамандары медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-оқыту дәрісін өткізді.

Дәріс барысында «АИТВ-инфекциясының алдын алу», «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерулер жүргізу», «Медициналық ұйымдардағы апаттық жағдайлар», сондай-ақ «Стигма және дискриминация» тақырыптары кеңінен қамтылды.

Мамандар АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, стигма мен дискриминацияның алдын алу, пациенттерге құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан толық әрі нақты жауаптар алды.