№119 мектеп оқушыларына жол жүру ережелерін сақтау және жол-көлік жарақатының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған негізгі жол жүру ережелері, жолды қауіпсіз кесіп өту тәртібі, бағдаршам белгілерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану және қоғамдық көлік маңындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар балалардың назары жолда телефон мен құлаққап қолданудың қауіптілігіне, қараңғы уақытта сақтық шараларын күшейтуге және жол қозғалысына қатысушы ретінде әр адамның жеке жауапкершілігіне аударылды.
Дәріс барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жол жағдайларында қалай дұрыс әрекет ету керектігі жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Жол жүру ережелерін білу және сақтау – қауіпсіздіктің маңызды кепілі. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.



