Туберкулездің алдын алу – ортақ мақсат, жүйелі жұмыс

Емханада медицина қызметкерлеріне арналған туберкулездің алдын алу және СТОП ТБ серіктестігінің негізгі бағыттары бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында туберкулездің алдын алу мен ерте анықтаудың өзекті мәселелері, негізгі профилактикалық шаралар, сондай-ақ тұрғындардың ауру туралы хабардарлығын арттыру жолдары қарастырылды.

Қатысушылар тәжірибелік жұмыс барысында кездесетін маңызды мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты және кәсіби қызметте қолдануға арналған қажетті ақпарат алды.

Мұндай оқыту іс-шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және туберкулездің алдын алу шараларын жүйелі жүргізуге ықпал етеді.

Алдын алу, ерте анықтау және халықтың хабардарлығын арттыру – туберкулезбен күрестің маңызды бағыттары.