Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

№12 балабақша тәрбиеленушілеріне «Жол жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында балаларға жолда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелері, бағдаршам белгілерінің мағынасы, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және көшеде сақтық шараларын сақтау туралы жас ерекшеліктеріне сай түсіндірілді.

Сонымен қатар Отбасы күніне орай балаларға арналған сұрақ-жауап викторинасы, танымдық ойындар мен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру арқылы жол қауіпсіздігі туралы білімдерін бекітті.

Мұндай танымдық іс-шаралар балаларға қауіпсіздік ережелерін ерте жастан үйретуге, зейінділік пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

‍‍‍ Баланың қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі!