Қауіпсіз орта – әр отбасының әл-ауқатының кепілі

Отбасы күніне орай «Сенім» Жастар денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері «Үй – қауіпсіз орын болуы керек» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық ортаны қалыптастыру, отбасылық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қолжетімді әлеуметтік көмек түрлері және қолдау алу үшін жүгіну тәртібі талқыланды. Сонымен қатар отбасының физикалық және психологиялық әл-ауқатын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.