Вакцинация: әлем елдерінде қандай шаралар қолданылады?

ВАКЦИНАЦИЯ: ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Айыппұлдар, мектептер мен балабақшаларға баруға қойылатын шектеулер, жұмысқа орналасуға байланысты талаптар және кейбір жағдайларда өзге де жауапкершілік шаралары. Әлемнің әр елінде міндетті вакцинацияға қатысты талаптар мен оларды орындамаудың салдары әртүрлі.

Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл немесе жаза қарастырылмаған. Сонымен қатар балалардың ұйымдасқан ұжымдарында инфекциялық аурулардың таралу қаупін төмендетуге бағытталған санитариялық талаптар қолданылады.

Алайда қауіпті инфекциялардан қорғану туралы ойлану үшін міндетті түрде айыппұлдар мен тыйымдар қажет пе?

Вакцинация — тек жеке денсаулықты қорғау мәселесі ғана емес. Ол инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге және айналамыздағы адамдардың, әсіресе денсаулық жағдайына байланысты вакцина ала алмайтын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Әлемнің әртүрлі елдерінде ұжымдық иммунитетті қолдау мақсатында қандай шаралар қолданылатынын карточкаларымыздан біле аласыз.

Вакцинация туралы шешімді сенімді медициналық ақпаратқа сүйене отырып қабылдаңыз.