Ашу, реніш пен ыза — әр адамда кездесетін табиғи эмоциялар. Оларды сезіну қалыпты. Ең маңыздысы — эмоцияны өзіңізге де, айналаңыздағы адамдарға да зиян келтірмей білдіре білу.
Агрессия көбіне шаршау, күйзеліс, реніш, әділетсіздік сезімі немесе ішкі кернеу кезінде пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтте адам ашуланып, дауысын көтеруі, шыдамсыздық танытуы, жүрек соғысының жиілеуі мен денедегі кернеуді сезінуі мүмкін.
Емханамыздың психологы мұндай жағдайда:
бірнеше рет баяу тыныс алып, дем шығаруды;
бірден жауап бермей, өзіңізге тынышталуға уақыт беруді;
мүмкін болса, жағдайдан қысқа уақытқа алыстауды;
өз сезіміңізді сабырлы түрде сөзбен жеткізуді;
дене белсенділігі мен серуендеуге уақыт бөлуді;
ұйқы мен демалыс режимін сақтауды ұсынады.
Егер ашуды бақылау қиындап, агрессия жиі қайталанса немесе қарым-қатынасқа, оқуға, жұмысқа және күнделікті өмірге әсер ете бастаса, психолог маманға жүгінген жөн.
Өз эмоцияңызды түсіну және оны дұрыс білдіре білу — психологиялық саулықтың маңызды бөлігі. Эмоцияларды басқаруды үйренуге болады, ал қажет кезде маман көмегіне жүгіну — өзіңізге деген қамқорлық.



