Туберкулез және өкпе обыры: алдын алу мен ерте анықтаудың маңызы

Емханамызда «Көпбейінді медициналық орталық» маманы, онколог дәрігер Жуков Юрий Владимировичтің қатысуымен «Туберкулез және өкпе обыры» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында туберкулез бен өкпе обырының негізгі белгілері, қауіп факторлары, аурулардың алдын алу және ерте диагностикалаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Маман өкпе ауруларын ерте кезеңде анықтау емдеу тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ профилактикалық тексерулерден уақтылы өту, денсаулық жағдайына мұқият қарау және алғашқы белгілер байқалған жағдайда дәрігерге дер кезінде жүгіну қажеттігі түсіндірілді.