Артериялық гипертензияның алдын алу – денсаулыққа жауапкершілікпен қарау

Халық арасында артериялық гипертензияның алдын алу және оны ерте анықтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шаралар аясында тұрғындардың артериялық қан қысымын тұрақты бақылаудың, дәрігерге уақтылы жүгінудің және мамандардың ұсынымдарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған бейнематериалдар таратылуда.

Бейнематериалдарда артериялық гипертензияның негізгі қауіп факторларына, қан қысымын жүйелі түрде өлшеуге, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға ерекше назар аударылған.

Ақпараттық материалдарды тарату халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Артериялық гипертензияны дер кезінде анықтау және алдын алу – денсаулықты сақтаудың және жүрек-қантамырлық асқынулардың алдын алудың маңызды қадамы.