Оқу жылы басталар алдында балаңыздың жасына сай барлық егулерді алғанын тексеріп қойған жөн.Бұл әсіресе 6 жастағы балалар үшін маңызды. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес 6 жаста қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке, сондай-ақ көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізіледі.
Егер қандай да бір егу уақытында жүргізілмесе немесе кейінге қалдырылса, тіркелген емханаға хабарласыңыз. Көп жағдайда вакцинацияны басынан бастаудың қажеті жоқ. Дәрігер бұған дейін алынған дозаларды ескеріп, әрі қарайғы егу кестесін анықтайды. Егу курсын толық аяқтау инфекциялардан толыққанды қорғану үшін маңызды.
Оқу жылы басталғанға дейін баланың егу паспортын қарап шығыңыз немесе тіркелген емханадан жүргізілген егулер туралы мәліметті нақтылаңыз.
Егулер, егу күнтізбесі немесе уақытында алынбаған дозалар туралы сұрақтарыңыз болса, толық ақпаратты egu.kz сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ 7701 колл-орталығына хабарласып, маманнан кеңес алуға болады.







