Салауатты жаз

«Салауатты жаз» акциясы аясында №8 мектеп-лицейінің жазғы лагерь демалушыларына «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу және жеке бас гигиенасын сақтау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға жіті ішек инфекцияларының пайда болу себептері, олардың таралу жолдары және алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ қолды дұрыс жуу, тағам өнімдерін қауіпсіз пайдалану, таза ауыз су ішу және жеке бас тазалығын сақтау ережелерінің маңыздылығы түсіндірілді.

Дәріс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларымен танысты.