Егде жастағы адамдардың бауыр саулығы. Гепатиттің алдын алу

Байқоңыр аудандық «Белсенді ұзақ өмір» орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері «Егде жастағы адамдардың бауыр саулығы. Гепатиттің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға бауырдың адам ағзасындағы маңызды қызметтері, егде жаста бауыр саулығын сақтаудың маңыздылығы және бауыр ауруларының алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ гепатиттің түрлері, жұғу жолдары, негізгі белгілері және аурудың алдын алу тәсілдері түсіндірілді.

Дәрігер дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту және профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан пайдалы кеңестер алды.