Емханамызда «Салауатты жұмыс орны» бағдарламасы аясында №1 консультативтік бөлім қызметкерлеріне арналған сергіту жаттығуы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін арттыру және белсенді өмір салтын қалыптастыру. Сергіту жаттығулары барысында қатысушылар бұлшықеттерді босатуға, қан айналымын жақсартуға және жұмыс кезіндегі шаршауды азайтуға бағытталған жеңіл дене қимылдарын орындады.




