Қызметкерлердің психикалық денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында емханамыздың психологтары тұрақты түрде психологиялық алдын алу және психокоррекциялық іс-шараларды өткізеді. Атап айтқанда, эмоционалдық күйзелістің және кәсіби қажудың алдын алуға, кәсіби стресс деңгейін төмендетуге, психологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған психологиялық тренинг жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Өткізілетін іс-шаралар барысында қызметкерлер стрессті басқару, эмоционалдық интеллектіні дамыту, тиімді қарым-қатынас орнату, жанжалдарды сындарлы шешу, өзін-өзі реттеу және психоэмоционалдық тепе-теңдікті сақтау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыруға, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби қызметті табысты жүзеге асыруға ықпал ететін тұлғалық ресурстарды дамытуға ерекше назар аударылады.






