«Ұлылар әлемі»: Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығы және рухани болмысы

Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-де ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлылар әлемі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы, олардың рухани-адамгершілік мұрасы кеңінен таныстырылды. Қатысушылар Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы мен Шәкәрімнің «Ұждан іліміне» тоқталып, ұлы ойшылдардың идеяларының қазіргі қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.

Кездесу тақырыптық ойталқы, мультимедиялық презентация, сұрақ-жауап және интерактивті бөлімдер форматында өтті. Қызметкерлер Абайдың шығармаларындағы талап, еңбек, терең ой, қанағат пен рақым секілді адамгершілік құндылықтардың маңызын талқылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай мен Шәкәрімнің рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Кездесу соңында қатысушылар ұлы ойшылдардың мұрасы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпайтынын атап өтті. Әсіресе медицина қызметкерлері үшін мейірімділік, адалдық, жауапкершілік және кәсібилік сияқты құндылықтардың маңызы ерекше екені айтылды.