Дүниежүзілік емшек сүтімен қоректендіру апталығы аясында емханамызда «Емшекпен қоректендіру – бала денсаулығының кепілі» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында ата-аналар педиатр дәрігерден емшекпен қоректендіру, нәрестені кеудеге дұрыс салу, лактацияны сақтау және өмірінің алғашқы айларындағы дұрыс тамақтандыру мәселелері бойынша кеңес алды.
Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, емшекпен қоректендіруді қолдауға бағытталған тәжірибелік ұсынымдармен танысты.
Емшекпен қоректендіру – сәбидің денсаулығының, дұрыс өсіп-жетілуінің және үйлесімді дамуының берік негізі.




