Ауруды ерте анықтау өмірді сақтайды!

Құрметті пациенттер! Сіздердің назарларыңызға профилактикалық скринингтерден тұрақты өтіп тұрудың маңыздылығын еске саламыз. Көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде симптомсыз өтеді. Көп ауруды жаңа пайда болғанда емдеуге және алдын алуға болады, сол себепті уақтылы тексеруден өту өте маңызды.

Тіркелген жадынамаларда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған, жас пен жынысқа байланысты скринингтер кестесімен таныса аласыздар:

Әйелдер үшін: жатыр мойны обырын (30-74 жас аралығында 4 жылда 1 рет) және сүт безі обырын (40-76 жас аралығында 2 жылда 1 рет) ерте анықтау.

Еркектер үшін: цереброваскулярлық (ми-тамыр) бұзылыстарды диагностикалау (50-76 жас аралығында 2 жылда 1 рет).

Әйелдер мен еркектер үшін: артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома (40-76 жас) және ішек обырына (50-76 жас) тұрақты тексерулер.

Скринингтен қалай өтуге болады?
Скринингтен өзіңіз тіркелген емханадан өте аласыз. Ол үшін учаскелік дәрігерге немесе емхананың тіркеу бөліміне жүгініңіз.

Денсаулыққа бүгінгі қамқорлық — болашаққа сенімділік. Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, өзіңізге және жақындарыңызға уақыт бөліңіз!