Абай – ұлттың рухани биігін айқындаған ұлы тұлға, қазақтың ойлау мәдениетін жаңа белеске көтерген кемеңгер ойшыл. Оның әрбір сөзі – адамды өзін тануға, білімге ұмтылуға, еңбек пен ар-ұятты биік қоюға үндейтін өмірлік бағдар.
Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Ақынның «толық адам» туралы тағылымы, ғылым мен білімге шақырған өсиеті, елдік пен бірлік жайлы ойлары бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абайды тану – өзіңді тану, оның сөзін ұғыну – адамдықтың мәнін ұғыну.
Хакімнің тағылымы ұрпақ санасында жаңғырып, Абайдың асыл мұрасы ел руханиятының темірқазығы бола берсін!



