Кариестің алдын алу. Тіс тазалығын сақтауда қолданылатын құралдарға талдау

Емханамызда колледж студенттеріне арналған «Кариестің алдын алу. Тіс тазалығын сақтауда қолданылатын құралдарға талдау» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге тіс жегісінің (кариес) пайда болу себептері, оның алдын алу жолдары және ауыз қуысы саулығын сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар дұрыс тамақтану, ауыз қуысының күнделікті гигиенасын сақтау және стоматологқа уақтылы қаралып тұрудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар дәріс барысында тіс күтіміне арналған құралдарға талдау жасалып, тіс щеткасын, тіс пастасын, тіс жібін және ауыз қуысын шаюға арналған құралдарды дұрыс таңдау мен қолдану тәртібі түсіндірілді.