2026 жылғы 1–9 маусым аралығында Астана қаласында алғаш рет халықаралық деңгейдегі беделді спорттық жарыс — «Astana 2026 World Boccia Cup» турнирі өтеді. Бұл бәсеке Паралимпиадаға апаратын маңызды рейтингтік кезеңдердің бірі болып табылады.
Ауқымды халықаралық іс-шара аясында медициналық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Осыған байланысты біздің мейіргерлер жарыс қатысушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылап, уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуде.




