Денсаулық мектебі: «Емшекпен сәтті қоректендірудің негізгі қағидаттары»

 Дүниежүзілік емшек сүтімен қоректендіру апталығы аясында емханамызда «Емшекпен сәтті қоректендірудің негізгі қағидаттары» тақырыбында Денсаулық мектебінің кезекті сабағы өткізілді.

Сабақ барысында медицина қызметкерлері болашақ және бала емізетін аналарға:
✔ емшекпен қоректендірудің артықшылықтары;
✔ нәрестені кеудеге дұрыс салу;
✔ лактацияны сәтті қалыптастыру қағидаттары;
✔ баланы қалауы бойынша емізу;
✔ ана сүтінің сәби денсаулығы мен иммунитетін нығайтудағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, емшекпен қоректендіруді ұзақ уақыт сақтауға, ықтимал қиындықтардың алдын алуға және ана мен бала үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Емшек сүті – сәбидің денсаулығы мен үйлесімді дамуының ең сенімді негізі.